Теміртаудың балалар театры Беларусьтегі халықаралық достық фестиваліне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтің Бобруйск қаласында 25-29 маусым аралығында өтетін «Достық гүлдестесі» XIII халықаралық халық шығармашылығы фестивалінде 20 елдің ұжымдары мен орындаушылары жиналады, деп хабарлайды БЕЛТА.
None
None

Форумға төрт құрлықтың - Оңтүстік Американың, АҚШ-тың, Еуропа және Азия елдерінің халық шығармашылығы ұжымдары мен кәсіби орындаушылары келеді.

Шара аясында Бобруйск тұрғындары мен қала қонақтары Қазақстанның Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрының өнерін, сондай-ақ балалар ұжымдарының концертін, Ресейдің танымал әншісі Лев Лещенконың жеке концертін тамашалай алады, түрлі көрмелер мен байқаулар т.с.с. ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бұл фестиваль халықаралық мәдени байланыстарды дамытып, нығайтуға, халық шығармашылығы мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған. Биылғы шараның ұраны: «Достық фестивалі - шектеусіз бейбітшілік пен келісім үшін».

Соңғы жаңалықтар