Теміртаудың қақ ортасында маршруттық автобус отқа оранды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Өрт қоғамдық көліктің ішінен шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміртаудың қақ ортасында маршруттық автобус отқа оранды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 қыркүйек күні сағат 15:41-де алтыншы шағынаудандағы №24 тұрғын үйдің маңында болған. №15 маршруттағы автобус әуелі ақауға байланысты тоқтаған, одан кейін көліктің ішінен өрт шыққан.

Тілсіз жау 15:56-да ауыздықталып, 16:04-те толық сөндірілген.

Мәлім болғандай, жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Жапа шеккендер жоқ. Қазіргі сәтте өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.