Теміртаудың тоғыз тұрғыны «Өрлеу» сыйлығына ие болды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда екінші жыл қатарынан белсенді нәзік жандарға «Өрлеу» сыйлығы табысталуда. Бұл жолы қала әкімінің арнайы марапатына тоғыз әйел ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртаудың тоғыз тұрғыны «Өрлеу» сыйлығына ие болды
Фото: пресс-служба акимата г. Темиртау

Сыйлық өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен және қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқан Теміртау тұрғындарына табысталады.

Марапатқа үміткерлерді арнайы комиссия таңдады. Тоғыз лауреаттың әрқайсысы өз саласында ерекшеленді – бұл өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, мәдениет, спорт, қызмет көрсету, бизнес, ана болу.

«Мәдениет саласының үздігі» номинациясы бойынша Теміртау мәдениет сарайының «Алау» ансамблінің жетекшісі Зейнегүл Егізековаға берілді.


«Мен «Алау» ансамблімен 22 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде мен көптеген алғыс пен мақтау қағаздарын алдым. Бірақ бұл сыйлық мен үшін үлкен тосын сый болды. Мұндай сыйлық әр әйел үшін қажет және маңызды. Басшылықтың жұмысымызды байқағаны, біздің тек өзіміз үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де еңбек ететінімізді түсінгені қуантады», – дейді Зейнегүл Егізекова.

«Өндірісті дамытудағы жетістіктері үшін» номинациясына Теміртау электрометаллургиялық комбинатының № 4 пеші басқару пультінің операторы Марина Шатрова лайықты деп танылды. Өндірушінің жалпы еңбек өтілі 40 жыл, оның 35-і ТЭМК-де жұмыс істеумен өткен.

«Мен еңбек әулетінен шыққанмын, өндірісте адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын. Бұл екінші туған үйім десем де болады. Мен осы беделді сыйлықпен марапатталғаныма қуаныштымын. Бізде мұндай сыйлыққа лайық әйелдер көп. Жыл сайын номинациялар мен жеңімпаздар көбейе берсін!» – деп тілегін білдірді Марина Шатрова.

Номинанттар 200 мың теңгеге сыйлық сертификаттарымен және дипломдармен марапатталды.