Теміртаудың «Вдохновение» ән-би ансамблі халықаралық байқауда он жүлделі кубокты жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының бетке ұстар «Вдохновение» ән-би ансамблі Ресейде өткен халықаралық байқауда бірден он марапатты иеленіп, рекорд орнатты. Бұл туралы ансамбльден хабарлады.
None
None

«Біз Санкт-Петербор қаласында өткен вокалдық-сахналық шығармашылығының «Сахнаның әр жағының ғажап әлемі» VI халықаралық байқауына қатыстық. Ресейге 15 бала және 2 ұстаз барды. Олар соло, дуэт, трио, ансамбль аталымдары бойынша өнер көрсетті. Соның ішінде қазақ тілдерінде ән айтты», - деп баяндады ансамбльдің көркемдік жетекшісі Маргарита Чистякова.

Қазылар алқасы қазақстандықтардың өнеріне жоғары баға берді. «Вдохновениенің» балалары 10 жүлделі кубокты жеңіп алды. «Бір байқаудан осыншама жүлде алу біз үшін рекорд», - деп атап өтеді көркемдік жетекші. Төрт санатта Теміртау әртістері бірінші орындарды иеленді. Шығармашылық ұжымға сондай-ақ жазда Болгария еліне бару сертификаты берілді.

Бұдан басқа, қазақстандықтарға фестивальдің ашылуы мен жабылуында өнер көрсету сеніп тапсырылды. «Ашылу кезінде біздің ұлдарымыз теміртаулық композитор Людмила Туркинаның «Снежный барс» өлеңін шырқады. Ал жабылуына бір күн қалғанда оларға Александра Пахмутова мен Николай Добронравов жазған «Не стоять на месте, а идти вперед» арнайы фестивальдық өлеңінің мәтіні берілді», - деп әңгімеледі М. Чистякова.

Соңғы жаңалықтар