Теміртаулық М. Тұяқов бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Қазақстан чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 11-12 мамыр күндері бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен 1994 жылға дейінгі жастар арасында ХІ Қазақстан чемпионаты өтті.
None
None

 Онда жартылай финалда байқоңырлық Темірлан Көшеровты 4:1,  ақтық сында шымкенттік Арман Оразалыны 5:4 есебімен ұтқан теміртаулық Медет Тұяқов ел чемпионы атанды. Арман Оразалы мен Темірлан Көшеров 2-3 орынды бөлісті. Сондай-ақ өскемендік Диас Оспанғалиев, алматылық Еламан Атаев пен Абылайхан Қаранеев,  павлодарлық Азамат Әубәкров, тараздық Руслан Құрамшин, ақтөбелік Қамбар Исымханов, қызылордалық Бағдат Сағынаев үздік ондықтың қатарына енді. 32 спортшы қатысқан бұл сында турнирдің ең жас қатысушысы алматылық 10 жастағы  Нұрлыбек Жүнісбек 24 орын алды.

Соңғы жаңалықтар