Теміртаулық мұражай «Астанадағы селфи» акциясын бастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Темиртаулық тарихи-өлкетану мұражайы «Астанадағы селфи» акциясын жариялады. Акцияға қатысушылардың фото суреттері елорданың 20 жылдығына орайластырылған көрмеде көрсетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі таңда селфи танымал жанр болғандықтан біз дәл осындай акцияны іске қосуды ұйғардық. Қатысуға қазірдің өзінде ниет білдіріп жатқандар қатары қалың. Суреттерді көптеп жіберіп жатыр, алайда олардың барлығы экспозицияға сай келе бермейді. Әзірге біз тек 25 суретті іріктеп алдық», - дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Светлана Трещева. 

Акция шарттары бойынша көрмеге тек сапалы жасалған және елорданың танымал нысандары мен ғимараттарының маңында түсірілген селфилер ғана қабылданады. Сурет қай жылы түсірілгені маңызды емес. 
Фото суреттерді Теміртау тарихи-өлкетану мұражайына келесі мекенжайға алып келуге болады: Металлургтер даңғылы, 28/4. Оларды А4 форматында басып шығару қажет. Фото суреттер мамырдың 30-на дейін қабылданады. 
Көрменің ашылуы маусымның 1-не жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар