Теміртаулық волейболшылар ел чемпионатының 4-турын сәтті өткізуде

АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Теміртауда волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-туры өтуде.

Теміртаулық  волейболшылар ел чемпионатының 4-турын сәтті өткізуде

Онда қазір жарыс қожайындары («Спартак АМТ») ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар қарағандылық («Қарағанды-2»), оралдық («Грация») және қостанайлық волейболшыларды ойсырата (3:0) жеңді.  Алматылықтар («Алматиночка») болса «Грация», «Қостанай», «Қазхром» (Павлодар)  командаларына 0:3 есебімен есе жіберді.  Олар енді «Қарағанды-2» мен «Спартак АМТ» командаларымен кездеседі. Ал теміртаулықтар Алматы мен Павлодардан келген құрбыларымен күш сынасады.  «Қазхром» волейболшылары бұған дейін қарағандылықтарды 3:2, алматылықтарды 3:0 етіп ұтып, қостанайлықтардан ғана 0:3 есебімен жеңіліс тапқан.