Теміртаулық зейнеткер үйімде жарылғыш бар деп «әзілдеген»

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау тұрғыны үйінде жарылғыш зат жасырылғанын хабарлап, қалжыңдаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теміртаулық зейнеткер үйімде жарылғыш бар деп «әзілдеген»

Ер кісі 104 нөміріне қоңырау шалып, «Темір-газ» АҚ-ға пәтерінде жарылғыш құрылғының бар екендігін хабарлаған. Жарты сағаттың ішінде полицейлер қоңырау шалған абоненттің мекенжайын анықтап, барған.

Теміртау прокуратурасы хабарлағандай, қоңырау шалған кісі ішімдік ішкен зейнеткер болып шықты.

«Теміртау тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау»бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа да ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады прокуратурада.