Теміртаулық жас құтқарушылар Беларусьте өткен халықаралық слетке қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласынан барған жас құтқарушылар Беларусь Республикасында,  ұлттық балалар «Зубренок» білім беру-оңалту орталығының базасында өткен халықаралық слетке қатысты.
None
None

Бұл туралы Теміртау қаласы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жас өрт сөндіру-құтқарушылардың X халықаралық слетіне 13 таяу және алыс шетелдердің өкілдері жиналды. Қазақстан атынан Теміртау қаласы SOS Балалар ауылының «Алтын Жұлдыз» командасы барды», - деп хабарлады қалалық ТЖБ.

Жас құтқарушылар көптеген байқауларда күш сынасты.

«Слеттің қорытындысы бойынша Теміртаудан барған жас құтқарушыларға жүлдегер-команданың дипломы берілді. Команда әртүрлі сайыстар мен таныстырылымда бірнеше аталым бойынша жүлделердің иегері атанды», - деп атап өтті ТЖБ-ның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар