Теміржол ақауы туралы хабар беретін интернет-портал ашылады - ҚТЖ

Онда жолаушылар теміржолдағы ақау туралы хабар қалдыра алады.
«Ең алдымен қауіпсіздік» деп аталатын портал бізге жетпей жатқан ақпаратты жедел хабарлайтын, қозғалыс қауіпсіздігін арттыратын алаңға айналады. Онда теміржолшылар ғана емес, кез келген адам пікір қалдыра алады», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2018 жылы теміржолдағы қауіпсіздік ережесін бұзу оқиғалары 2017 жылмен салыстырғанда 29% азайған.
«2017 жылы 248 оқиға тіркелсе, 2018 жылы 176 оқиғаға азайған. Бұл - теміржолды жаңартудың, қозғалыс құрамына күтім жасаудың және компанияның құрылымдық бөлімшелерінің мақсатты жұмыстарының нәтижесі», - деді М. Шәкенов.
Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы теміржолдағы төтенше оқиға деректерімен бөліскен болатын.