Теміржол бойынан табылған мәйіттің кім екені анықталмай жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі теміржол бойынан мәйіт табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мәйіт теміржолдың  Шымкент-Қорғасын бөлігіндегі төртінші бекеттің 3285-ші шақырымында табылды. Бұл халық тығыз орналасқан жер. Бірақ ол жаяу жүргіншілер өтетін жерден өтпеген болуы мүмкін»,- дейді Шымкент стансасының ішкі істер желілік бөлімшесіндегі қызметкерлер.

Әзірге марқұмның кім екені белгісіз. Оның тұлғасы мен жалпы жағдайдың себеп-салдары құқық қорғау органы өкілдерімен анықталу үстінде.

Еске салайық, бұл екі күн үшіндегі теміржолдағы екінші қайғылы оқиға. Күні кеше ғана таңғы бестер шамасында теміржолдың  3284-ші шақырымында 30-35 жастағы ер адамды поезд қағып кеткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар