Теміржол өткелінде шетел көлігі мен «Алматы-Павлодар» жолаушылар көлігі соқтығысты

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Алматы қаласының Түрксіб ауданында темір жол өткелінде «Мерседес» көлігі мен №32-ші «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызы соқтығысып қалды.

Теміржол өткелінде шетел көлігі мен «Алматы-Павлодар» жолаушылар көлігі соқтығысты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол-көлік оиқғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Пойыз уақытынан 1 сағат 32 минутқа кешігіп жолға шықты.