Теміржол саласында қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы екі есе азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы алты жылда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғалары азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда жағдайдың бұлаушы бет алуына 7 мың шақырым жолды қайта жаңғыртып, 4 мың шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізудің арқасында мүмкін болды.
Сонымен қатар, 397 локомотив сатып алынды. 24854 жүк және 1089 жолаушылар вагондары сатып алынды. Жаңа диагностикалық құрал жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы вагондардың 90 мыңнан астам ақаулы қосалқы бөлшектері, 67 мыңнан астам рельс ақауы анықталды.
«Компанияда жылма-жыл жазғы мезгілде заманауи жол машиналарымен жолды жақсарту, жылдамдығын күшейту шаралары орындалады»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров.
Оның сөзінше, жолды диагностикалық құралдарды өндіріске енгізіп, сонымен жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылдан бері рельстегі ақауды ерте анықтай алатын заманауи құрылғы (жылына 100 дана) сатып алына бастады. Мобильді диагностикалық кешен МДК автоматтандырылған жүйе арқылы жолдың ақаулы тұстарын күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік әпереді.
«2018-2019 жылдары осындай алты кешенді сатып алып, барлық магистральдық желіні автоматтандырылған диагностикалық бақылауға көшеміз»,-дейді А. Жағыпаров.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолды тексеру жұмысын автоматтандыру мен еңбеккерлердің кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында жылма жыл 80 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Жылына 30 дана локомотив, 2000 жүк және 80 жолаушылар вагондары сатып алынады.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Теміржол көлігі кеңесінің (ТЖОК) мәліметіне қарағанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігін сирек бұзатын теміржол көлігі әкімшіліктері қатарынан саналады.
ТЖОК құрамына Қазақстан, Беларусь, Ресей, Литва, Қырғызстан, Эстония, Украина, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Латвия, Молдова, Грузия кіреді.