11:32, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Теміржол шпалының өртенуі салдарынан үш жүк пойызы тоқтап қалды - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Алматы облысында «Қайрақты-Қараой» өткелінің 1344-1347-ші шақырымында (10-шы пикет) сағат 17.00-де 570 шаршы метр ауданның шпалы өртенді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан Матай-Үштөбе, Алажиде-Ақтоғай және Егінсу-Ақтоғай бағытындағы үш жүк пойызы кестеден кешеуілдеп қалды. Өрт Алматы облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күшімен сағат 20.45-те сөндірілді.
Теміржол қозғалысы ашылды, бірақ 1344-1347-ші шақырымында қозғалыс жылдамдығы сағатына 15-20 шақырыммен шектелуде.