Теміржолдағы қауіпсіздік шаралары жүрдім-бардым атқарылады - Бас көлік прокуратурасы

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Бас көлік прокуратурасы 2010 жылы теміржол көлігінің жүру қауіпсіздігі сақталуына бағытталған заңнамаларының қолданылуына бірқатар тексерулер жүргізді,

Теміржолдағы қауіпсіздік шаралары жүрдім-бардым атқарылады - Бас көлік прокуратурасы

деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысымен жасалған талдау барысында мемлекеттік органдармен көлік кешендеріне төнетін қауіп-қатерлер мен қарсы әрекеттердің алдын-алу шараларына бағытталған жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейтіні анықталды.

Тек ағымдағы жылдың өзінде жүргізілген тексеру қорытындысымен 286 ұсыныс пен 101 ұйғарым енгізілді, 664 лауазымды тұлға әр-түрлі жауапкершілікке тартылып, 7 қылмыстық іс қозғалды.

Прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде 52 локомотив, 105 бірлік арнайы жылжымалы құрам, 1000 астам жолаушылар және жүк вагондары тоқтатылған.

Магистральдық және бекеттік теміржолдардың 4 учаскесінде жүру жылдамдығы шектелген, 14 бекеттік, 6 тракциондық, 4 кірме жолдардың пайдалануы тоқтатылған.

Теміржол саласының басым көпшілігінде жыл сайын кездесетін кемшіліктерге - тозған жылжымалы құрамдардың пайдаланылуы, олардың уақтылы және сапалы жөндеу өткізбеуі, тиісті техникалық байқаудан өтпеуі, көлік құралдарының міндетті түрде көлік бақылау мекемелерінде тіркелуінің қамтамасыз етілмеуі, жол сапасының сын көтермеуі және басқа себептер бар.

Жоғарыдағы көрсетілген кемшіліктерге қарамастан, бұл бағыттағы жұмыстардың алға ілгерілеуі байқалмайды. Бұған қоса, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі мүлдем жолға қойылмаған.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен оның комитеттерінің атқарылған жұмыстары тек көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының кемшіліктерін анықтаумен шектеліп, ал көліктегі қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің алдын-алу, жою және болдырмауға бағытталған жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның магистральдық теміржол жүйесінің операторы - (әрі қарай Ұлттық компания) мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген 688 вагон-цистерналар мен 299 жүк вагондарын жүк тасымалы үдерісінде пайдаланды.

Сонымен қатар, тексеру кезінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген және қызмет ету мерзімі өткен жылжымалы құрамдарды пайдалану фактілері орын алғаны анықталды.

Бас көлік прокуратурасының наразылығымен Ұлттық компанияның «Казтеміртранс» АҚ-ның жүк вагондарының жоспарлы жөндеуді кейінге қалдыру туралы нұсқауының күші жойылды.

Прокуратураның ұйғарымы бойынша көлік бақылау комитетімен 591 жүк вагонды тоқтатуға шаралар қабылданды.