Теміржолмен жолаушылар тасымалдау саласында билеттерді төлем терминалдары арқылы сату жобасы жүзеге асырылуда

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жолаушылар тасымалы саласына инновациялық жобаларды енгізу мақсатында темір жол билеттерін төлем терминалдары арқылы сату жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы «Жолаушылар» тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталған қызмет түрі халыққа, төлем терминалдары арқылы темір жол көліктерінің қызметі туралы толық ақпарат алуға, сонымен қатар жолаушыға поездың қажетті бағытын таңдап, нақты ақшаға билет сатып алуға мүмкіндік береді.

Жоба мемлекеттік мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктік негізінде жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде, инвестор Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (барлық аймақтары, қоғамдық орындарда) терминалдар жүйесін орнату жауапкершілігін өз мойнына алады. Демек, 3000-нан астам өз - өзіне қызмет көрсететін автоматты орнатып, төлем терминалдарын енгізу бойынша техникалық - бағдарлама жұмысын жүргізуге жауапты. Терминалдар арқылы билет сату 2011 жылдың 3 - тоқсанында жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Бұл жоба жайлылық деңгейін арттыруға және жолаушылар тасымалы қызметінің қолданысын кеңейтуге мүмкіндік береді, дейді компанияның мамандары.

Соңғы жаңалықтар