Теміржолшылар қарттар үйіне қамқорлық жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері Астанадағы қарттар мен мүгедектердің әлеуметтік медциналық мекемесінде болды.
Теміржолшылар қарттарды Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесімен құттықтады. Мекемеге тоңазытқыштар, қысқа толқынды пештер, өтек секілді тұрмыстық заттарды сыйлады. Азық-түлік себеті табыс етілді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Жаны жабырқау жандарға Маңғыстаулық «Арна» өнерпаздар ансамблі патриоттық әндерден концерт қойды.
Теміржолшылар жыл сайын қаладағы қарттар үйіне көмек жасауды дәстүрге айналдырған.