Теміржолшылар кәсіподағы пойыз машинистерінің құқығын қорғады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №379 бұйрығына зиянды және қауіпті жұмыстар саласында еңбек келісімшарттарын жасасу үшін медициналық қарсы көрсетілім тізіліміне пойыз машинистеріне қатысты өзгертулер енгізілді. Өзгертуге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік омбудсменінің қолдауымен «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ салалық кәсіподағы және локомотив бригадасының жұмысшылары бастамалық жасады. Ендігі уақытта аталған өзгертулерге сәйкес қан қысымының жоғарылығы 1 санаттағы машинистер емделгеннен кейін локомотивті басқаруға жіберілетін болады.
«Бұл бұйрықты қайта қарау қажеттігі баяғыда-ақ туындады. Жасы 35-40-қа толған, сол аралықта кәсіби тұрғыда мол тәжіриже жинаған машинистер локомотивті басқару құқығынан айырылып қалды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, көптеген кәсіби машинистер жұмыстан босатылды. Ендігі уақытта мұндай жайттар айтарлықтай азаяды», - деді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.
Дәрігерлік сарапшылар комиссиясының төрайымы, өндірістік дәрігер Күлән Ережепова қан қысымы бар машинистер негізгі емдеу шараларынан кейін және дәрігердің бақылауымен кәсіби міндетін орындай алатындығын айтты.
«Медицинаның қазіргі деңгейінде қан қысымының жоғарылығы 1 санаттағы машинистер қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып, кәсіби міндеттерін табысты атқара алады», - деді ол.