Теміржолшылар қауіпті жағдайларда әрекет етуді үйренуде

«Қазіргі таңда стансалардың дәрежесіне байланысты кезең кезеңімен өткізілуде. Әсіресе, станса кезекшілеріне көп міндет жүктелмек. Мәселен, пойыздарды күтіп алып, шығарып салу, өндірістік маневрлік жұмыстар, бағыттауыш бұрмаларды ақаулы кезінде, белгі беру және байланыс желілерінің істен шығуы, вагондардың оқыстан еңіске қарай жүріп кетуі, локомотивтің тежегіші істен шығуы секілді қиындықты жайлардан шығудың әдіс тәсілдерін оқуда. Апатты жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде атқарылатын шаралар локомотив бригадаларымен жүргізілген техникалық оқулар кезінде де түсіндіріледі», делінген хабарламада.
«ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ-ның Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Берік Истілеуовтің айтуынша, еңбеккерлерге пойыздардың қауіпсіз қозғалысы туралы жиі айтып отырған жөн. Қиындық туған кездерде жедел шара қолданып, пойыз қозғалысына төнген қауіптің алдын алу әрбір теміржолшының міндеті болып саналады.
Айта кетерлігі, биылғы көктемде Защита локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Сергей Паршенников пен машинист көмекшісі Сергей Гридунов автокөлікпен соқтығысудың алдын алды.
Локомотив бригадасы «Лениногорск - Астана» жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқанда, Тишинская стансасына жақындап қалғанда, темір жол аралығымен келе жатқан автокөлікті байқап қалды. Машинистің қырағылығының нәтижесінде жеңіл автокөлік темір жол аралығынан шығарылды. Пойыз сапарын жалғастырды.
«Маңғышлақ-Алматы» бағдарындағы жолаушылар пойызының локомотив бригадасының сауатты іс қимылының арқасында автокөлікпен соқтығысу қатерінің алды алынды. Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинисі Арап Ағатаев өзінің лауазымдық міндетін қиындықты кезде адал атқара білді.