Темір жол көлігімен жүк тасымалдау тарифі сараланады – Марат Қарабаев

Ақмола облысы
Фото: ҚазАқпарат/ Александр Павский

АСТАНА. KAZINFORM – Темір жол көлігімен жүк тасымалдау тарифі сараланады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Бізде тасымалданатын жүктердің 88 пайызы өзін өзі ақтамайды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан темір жолы көмір сынды жүктерді тасымалдауды 300 млрд теңгеге дейін субсидиялап отыр. Сондықтан тарифтік жүйе ары қарай да сараланатын болады. Тарифті саралау былай болады. Егер отандық өнім экспортқа шығатын болса әрі дайын өнім болса, онда бағасы бір болады. Ал шикізат болса, онда оның тасымалдау тарифі қымбатқа түседі. Мұндағы мақсатымыз – шикізатты мүмкіндігінше іште қайта өңдеуге ынталандыру», - деді министр Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына орай.

Оныңа атап өтуінше, қазіргі уақытта темір жол көлігімен жүк тасымалдау тарифі бекітіліп отыр. 

«Енді әрбір тауар бойынша жеке-жеке жұмыс істейміз», - деді Марат Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар