Темірлан Мұқатаев Жалоловты нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы болды

Темірлан Мұқатаев Жалоловты нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы болды
Фото: Бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Темірлан Мұқатаев Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының ақтық сынында өзбек боксшысы Самандар Жалоловпен жұдырықтасты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Мұқатаев пен Жалолов 86 келі салмақта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен турнирдің финалында кездесті. Тартысты жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта бір рет, екінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Темірлан Мұқатаев 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанса, Самандар Жалолов құрлық біріншілігін күміс медальмен аяқтап отыр.

Бұған дейін бокстан Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар