Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теміржол вокзалдарын реконструкциялау: Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдарға тапсырма берді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

в
Фото: Үкімет

Кеңеске облыс әкімдері, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау барысы туралы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Абай облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Нұрлыбек Нәлібаев
Фото: Үкімет

Кеңес барысында нысандарды салу және жаңғырту мерзімін сақтауға, жұмыстың сапалы орындалуына, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.

в
Фото: Үкімет

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға теміржол объектілерін пайдалануға беру мерзімін сақтауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Оның 40-ы шілде айында ашылды.