Теміржолды дұрыс кесіп өтпегендер 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін

пойыз
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Теміржолды кесіп өту ережесін бұзғандар 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Әкімшілік кодекске осындай өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ заң жобасының бірінші оқылымында айтты. 

«Заң жобасының аясында темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзғаны үшін қолданылатын жазаны қатаңдатуды көздейтін өзгерістер көзделеді. Кейінгі жылдарда темір жолда осындай 58 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оyың көбі ауыр зардаптарға, адам өліміне әкеледі. Сонымен қатар мал жаю, бағу барысында теміржол өткелі арқылы айдау кезінде жол-көлік оқиғалары болып жатады. Осындай оқиғалардың көбейгеніне байланысты кодексте айыппұл мөлшері көтерілді. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдары немесе жол құрылыстары бүлінсе, тоғыз ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылады», — деді Үнзила Шапақ.

 

Соңғы жаңалықтар