Тендердік комиссияларға бірінші басшылардың өздері жетекшілік етуі керек - Елбасы

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Тендердік комиссияларға бірінші басшылардың өздері жетекшілік етуі керек. Бүгін Ақордада еліміздің өткен 9 айының даму қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Бюджеттің орындалмауындағы басты себеп, мемлекеттік сатып алулардың экономикаға тиімсіз әсерінен болып отырғандығы туралы жиі естіп жүрмін. Сырттан бөтен жеткізушілер кіріп кетпеуі үшін тендер өткізетін мемлекеттік органдар тауарлардың жеткізілуіне қатысты ақылға қонбайтын мерзімдерді қоятыны, сосын өздерінің «жеңімпаздарына» келгенде әлгі мерзімнің уақытын кейін шегеріп жасайтыны құпия болудан да қалды. Әлде бұны білмейсіңдер ме? Тендерді бір көзден жүзеге асыру үшін үдерісті әдейі «бүлдіретіндер» де бар. Мұны көпшілігің біліп, соған жол беріп отырсыңдар. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бұдан шеттетілген болып, барлығын сырттан реттеп отырады», - деді Н. Назарбаев.

Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке осы мәселені қарап түбегейлі зерттеуді тапсырды. «Әкімдер мен орталық мемлекеттік орган басшылары тендерлік комиссияға өздері жетекшілік етулері және сол бойынша бар жауапкершілікті өздері алулары керек. Өйткені, мұнда қомақты мемлекет қаражаты жұмсалып жатыр. Бірінші басшылардың өздері жетекшілік жасасын комиссияға», - деді Елбасы жиын барысында.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын еске салып, мұны жеделдетуді тапсырды. «Бір типті тауарлармен болатын конкурстар, аукциондар орталықтануы керек. Бұл заң соны шеше ме? Бірден бір ұйымдастырушыға мемлекеттік органдардың сатып алулары бойынша штаттарды, мамандарды беру қажет. Осыған ұқсас құрылымдарды жергілікті жерде құру керек», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар