Теңге 2015 жылғы желтоқсандағы көрсеткішіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық валютасы 2015 жылдың желтоқсанында болған көрсеткішті қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Альпари» компаниясының бас сарапшысы Анна Бодроваға сілтеме жасап.

Теңге 2015 жылғы желтоқсандағы көрсеткішіне жетті

«Қазақстандық валюта өзін жайлы сезінеді. 3 ақпанда аяқталған өткен аптаның қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 323,85 теңгені көрсетті. Бес күнде 0,74%-ға нығайды, ал қаңтар айында 2,97%-ға қымбаттаған. Дүйсенбі, 6 ақпан күнгі доллардың орташа бағамы 321,59 теңгені құрап отыр. Осылайша, қазақстандық валюта 2015 жылғы желтоқсан айындағы бұрынғы деңгейіне қайта оралды», - деп атап өтті А. Бодрова тілшімізге берген сұхбатында.

Оның сөзінше, бұл өте керемет көрсеткіш, бірақ ол қазақстандықтардың күнделікті өміріне еш әсер ете алмайды. Мықты валюта сауда мен сатып алуларға әсер етуі үшін, халықтың кірісі сәйкесінше жоғары болуы тиіс. Дегенмен жалақының өсуі және инфляция қарқыны теңгенің нығайғанын жауып кетіп жатыр. 

«Теңгенің ең негізгі тіреуі - мұнай. Дүйсенбі, 6 ақпан күнгі Brent маркалы мұнай құны барреліне $56,95 (+0,2%) құрады. Мұнай құны $54-57 аралығында мықтап бекіген. Алдағы аптаға валюта бағамына қатысты болжамдар тұрақты. АҚШ доллары 320-323 теңге аралығында, еуро 346-349 теңге аралығында саудаланады», - деп болжайды сарапшы.