Теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды – қаржыгер

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк ағымдағы спекулятивті көңіл-күй сақталған жағдайда әділ бағам қалыптастыруды қалпына келтіру және ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін валюталық интервенция жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді. Осы орайда танымал қаржыгер Расул Рысмамбетов аталған мәлімдемеге пікір білдіріп, Ұлттық банктің валюталық алыпсатарлықпен күреске қажетті барлық құралы және үлкен тәжірибесі бар екендігін атап өтті.

 Расул Рысмамбетов
Фото: sng.today

«Меніңше, интервенция дұрыс жүргізілген жағдайда ол тиімді бола алады. Өйткені, Ұлттық банктің кез келген банкке қарағанда үлкен резерві бар. Ол кез-келген алыпсатарды жақсылап тұрып жазалай алады", - деп атап өтті сарапшы.

Алайда, оның айтуынша, нарыққа қатысушылардың қайсысы теңге бағамында алыпсатарлық жасайтынын анықтау маңызды.

«Ұлттық банкте дәл сол алыпсатарларды қалай тыныштандыратындай толық құрал мен үлкен интервенция тәжірибесі бар. Дегенмен, алыпсатардың кім екенін түсіну керек. Білгім келеді. Өзім де екінші деңгейлі банкте жұмыс істеген кезімде Ұлттық банкті валютада сатып алатын немесе сататын нарықтағы ең ірі ойыншыларды жария етуге шақырған болатынбыз», - дейді Расул Рысмамбетов.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар