13:43, 28 Қараша 2025 | GMT +5
Теңге бағамының күрт өзгеруі болмайды – Ұлттық банк басшысы
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов жақын арада теңге бағамының күрт құбылуына негіз жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, ҚҚС-тың артуы елдегі бағаның өсуіне әкеледі. Бірақ сыртқы факторлар ұлттық валютаның айырбас бағамына айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі уақытта Ұлттық банк Brent мұнайының бағасы базалық сценарийде барреліне 60-65 доллар шамасында болатынын айтып отыр.
- Сыртқы факторларға тоқталсақ, сыртқы макроэкономикалық ортада көп өзгеріс жоқ. Жалпы, бұдан басқа қосымша өзгерістерді көріп тұрған жоқпыз. Сондықтан, айырбас бағамының күрт өзгеруіне негіз жоқ деп санаймыз, - деді ҰБ басшысы.
Бұған дейін апта аяғында доллар қаншадан саудаланып жатқанын жазған едік.