Теңге бағамы әлсіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 333,11 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
None
None

22 желтоқсан күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 1 доллардың бағамы 332,83 теңге, күндізгі сессияда 332,52 теңге болған еді.

Бүгінгі таңғы сауда-саттықтың алғашқы мәмілесі 332,80 теңгемен басталды. Таңғы сессияның ең төменгі бағамы да осы болды. Ең жоғары баға 333,25 теңгені құрады. Сауда көлемі 30,5 миллион долларға жетті. 

Соңғы жаңалықтар