12:08, 20 Наурыз 2018 | GMT +6
Теңге бағамы тағы да нығайды - KASE
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы 1 долларға 320,16 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 0,99 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 320 теңге, ал ең жоғарғысы 320,7 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 83,9 млн долларға жетті.
Кеше доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 321,15 теңге, күндізгі сессияда - 320,18 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 320,6 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 137,05 млн долларды құрады.