Теңге бағамының өзгеруі «ҚазМұнайГаздың» даму жоспарына өзгерiс әкеледi - С.Мыңбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге бағамының өзгеруі «ҚазМұнайГаздың» бекiтiлген бюджетiне және даму жоспарына өзгерiс әкеледi, бiрақ геологиялық барлау жұмыстарының көлемi сол қалпында қалады. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiсiнде «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiм еттi.

Теңге бағамының өзгеруі «ҚазМұнайГаздың» даму жоспарына өзгерiс әкеледi - С.Мыңбаев

«Ұлттық валюта бағамының өзгеруі «ҚазМұнайГаздың» бекiтiлген бюджетiне және даму жоспарына өзгерiс әкеледi, дегенмен геологиялық барлау көлемiн төмендетудiң, соның iшiнде инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын кемiтудiң қажеттiлiгiн көрiп тұрғаным жоқ», - дедi ол.

ҚМГ басшысының сөзiне қарағанда, компания теңге бағамының өзгеруiнен мұнай экспортында ұтатындығын да атап өттi.

«Компанияның ерекшелiгi неде - бiз өнiмдi теңгемен өндiрiп, валютамен сатамыз. Дегенмен бiздiң ұтылатын тұстар да бар. Бұл iшкi сатылымдарда, себебi iшкi нарықта газдың және мұнай өнiмдерiнiң бағасы көтерiлген жоқ», - дедi С. Мыңбаев.