11:52, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Теңге құнын жоғалта бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD және USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.
Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 25 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 341,20 (+0,77 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 81 650 мың USD (-16 300 мың USD) құрады.
Еске сала кетейік, кеше кешкі сессияда АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валюта бағамы 340,58 теңге болған.