Теңге қымбаттап, доллар арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7 ақпан кешімен салыстырғанда 2,05 теңгеге төмендеп, 1 доллар 429, 28 теңге болды. Ұлттық банктің 8 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 37 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 430, 01 теңге, сатып алу – 431, 61 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 430,31 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 431, 88 теңге.