Теңгедегі депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесі артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесін арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры да 2022 жылғы 27 қазаннан бастап, қазан және қараша айларына мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттері бойынша 3 және 6 айларға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді арттыру шешімін қабылдады.
Ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер биылғы 27 қазаннан бастап күшіне енеді», - деді қордан.
