Теңгенің әлсіреуі баға мен тарифтерге қысым көрсетеді - Тимур Сүлейменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің әлсіреуі баға мен тарифтерге қысым көрсетеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 2018 жылғы 8 айлық инфляция жайында баяндаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Теңгенің әлсіреуі баға мен тарифтерге қысым көрсететінін атап өткен жөн. Баға мен ұлттық валютаның арасындағы жоғары корреляцияны ескере отырып, ағымдағы теңге бағамында инфляция деңгейі 1 пайыздық тармаққа ұлғаюы мүмкін», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, теңгенің біршама әлсіреуін және инфляцияның маусымдылығын ескере отырып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі бағалау бойынша жаңа аралықтың жоғары деңгейіне жақын болуы мүмкін. 

«Осыған байланысты әкімдіктерге тұрақтандыру қорларын толтыру, отын-көмір және дизель отынын кедергісіз жеткізу бойынша жұмыстарды қатаң назарда ұстау қажет деп есептейміз», - деді министр. 

Төртінші тоқсанда инфляциялық процестердің күшейетінін назарға ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тұрақтандырушы қорларын уақтылы толықтыруы, бағаға мониторинг жасай отырып көмір мен дизель отынының үзіліссіз жеткізілімдері бойынша жұмысты күшейтуі қажет.

Соңғы жаңалықтар