Теңгенің құнсыздандырылуына байланысты отандық тауар өндірушілер артықшылыққа ие болып отыр - Үкімет басшысы

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздің ұлттық валютасы - теңгенің құнсыздандырылуына байланысты отандық тауар өндірушілер импортшылармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып отыр.
None
None
Бұл пікірді бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Теңгенің құнсыздандырылуына байланысты өнім өндіретін қазақстандық кәсіпорындар импортшылармен салыстырғанда бәсекелі артықшылықтарға ие болып отыр. Енді олар шынайы түрде барлық тендерлерді жеңіп алып, эспортқа шығулары тиіс»,- деді өз сөзінде Үкімет басшысы. Премьер-Министр бүгінгі күннен бастап қазақстандық өнімдер импорттық өнімдерге қарағанда барынша бәсекеге қабілетті болатындығын айта келе, осы орайда орынбасары Өмірзақ Шөкеевке мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнның жағдайына мониторинг жүргізуді тапсырды. «Бұл біздің өнімдерімізді көрші елдерге экспорттау үшін көмек болып табылады. Менің ойымша, бұл қуатты ынталандыру», - деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар