16:00, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Теңгенің құнсыздануы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Біздің елмен іргелес орналасқан мемлекеттердің барлығы ұлттық валюталарын құнсыздандырып жатқанда Қазақстанның да осындай қадам жасауы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Девальвация отандық өнеркәсіпке еліміз рыногындағы шетелдік компанияларды ығыстыруға мүмкіндік береді. Ол Қазақстанға сырттан әкелінетін тауарлардың бағасын көтереді, сөйтіп жергілікті тауарлардың олармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Тауарлары шикізаттық бағдардағы Мексика, Бразилия және басқа да дамушы елдер валюталарын әлдеқашан девальвациялады. Бұл қадам өз кезегінде осы елдердегі өндірушілердің тауарларын барынша тартымды етіп отыр.