Tengri Travelsystem турфирмасынан зардап шеккен барлық туристер 19 маусымға дейін елге жеткізіледі

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев айтты.
«Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астанамен» және басқа да әуе компанияларымен барлық жұмыстарды атқаруға кірісіп кетті. Біз үшін ең басты міндет -Түркияда қалған азаматтарымызды алып келу. Барлық жолаушылар ешбір қосымша төлемсіз әкелінеді. 19 маусымға дейін «Эйр Астана» компаниясының ұйымдастыруымен Алматы-Анталия және Астана-Анталия рейстері тоқтаусыз жұмыс істейтін болады. Шамамен 13 рейс жоспарланып отыр», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін түнде TengriTravelsystem турфирмасы өз сайтына жұмысын тоқтататыны туралы жазған болатын. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметі бойынша, 600 бен 1000-ға жуық аралықтағы отандық туристерді Түркияда орналасқан қонақүйлерінен шығарып жіберуі мүмкін.