Теңіз биатлонында ҚР ҚК-нің намысын қорғайтын корабльдер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армия халықаралық ойындары - 2016 шеңберінде ҚР ҚК-нің Әскери-теңіз күштері «Каспий кубогы» (теңіз биатлоны) халықаралық теңіз байқауына қатысады.

Теңіз биатлонында ҚР ҚК-нің намысын қорғайтын корабльдер анықталды

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер анықталды. «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі негізгі, «Сарыарқа» - қосалқы корабль болып белгіленді. Корабльдердің экипаждары 33 адамнан тұрады. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов биатлонға дайындыққа жетекшілік етіп, ойын барысында аға өкіл болады.

Теңізде экипаждардың үйлесімділігін жақсарту мақсатында қазіргі уақытта корабльдер оқу-жауынгерлік жаттығулардың орындалуын пысықтайды. Жағада жауынгерлік даярлық пәндерінің бірі 29011 әскери бөлімі оқу-жаттығу орталығының оқу-жаттықтыру стансаларында корабльдің жандылығына күресу пысықталуда.

Корабльдердің регламенттелген техникалық қызмет көрсетілуі корабльдердің жеке құрамы және «Зенит» Орал зауыты» АҚ-тың өкілдерімен өткізіледі.

Теңіз биатлонында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің командасында корабльде қызмет өткеріп жүрген бірден-бір әскери қызметші қыз-келіншек, «Батыр арулар - 2016» байқауының қатысушысы, «Каспий кубогының» үздік белгі берушісі атағы үшін күресетін 1-дәрежелі старшина Жанар Ыбыраева қатысады. 

Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК-нің командасы «Каспий кубогы» байқауына  алғаш рет қатысқанын естеріңізге сала кетейік. Байқау қорытындысы бойынша командамыз екінші орынды еншілеп, күміс медальдар және «БЛ-680» тез жүретін қайықтың жиынтығы иегері атанған болатын.
null