13:14, 07 Шілде 2013 | GMT +5
Теңіз дауылы Мексикаға төніп келеді
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Мексиканың тынық мұхиттық жағалауында «Эрик» дауылы күшейіп келеді.
Майамидегі дауылды бақылау Ұлттық орталығы хабарлағандай, «Эрик» қазір Мансанильо қаласынан оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде және теңіз жағасының бойымен сағатына 15 шақырым жылдамдықпен келе жатыр. Ал дауылдың ошағы шыққан жерде сағатына 110 шақырым жылдамдықта.
Мексиканың билік өкілдері теңіз жағасы аймағындағыларға ескерту жариялады.