Теңіз елді мекеніндегі жағдай тұрақтанды - облыс әкімдігі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіз вахталық елді мекеніндегі жұмысшылармен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» жұмысшыларымен кездесу барысында тұрмыстық жанжалдың ушығуына жол бермеу туралы түсіндіру жүргізіліп, сондай-ақ кен орнында жұмысты ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Осы мәселелерді пысықтаумен ведомствоаралық комиссия айналысады, оның құрамына меморгандармен қатар, компания және ТШО өкілдері кіреді», - делінген Атырау облысы әкімдігі мәліметінде.

Белгілі болғандай, комиссияға облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Шапкенов жетекшілік етеді.

«Кездесу қорытындысы бойынша, жұмысшылар өздерінің қызметтеріне кірісті, жағдай тұрақтанды. ТШО медициналық пунктінде 30 адамға көмек көрсетілді. Қазіргі кезде олардың денсаулық жағдайына қатысты ешқандай қауіп жоқ. Қаза болғандар тіркелмеді», - деп атап өтілген таратылған хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsАpp желісінің профиліне орналастырған фотосуретіне наразылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар