Теңіз кенішінде 3 адам жарақат алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Теңізшевройл» ЖШС айналысып жатқан кеніште 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Төтенше жағдай бүгін түнде Жылыой ауданындағы зауытта болды. Күкірт жинау барысында 3 адам екі аяғынан жарақат алды. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жатқызылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің 36 жастағы қызметкері зардап шекті. Сондай-ақ тағы мердігерлік «Темірәлі» ЖШС-нің екі қызметкері жарақат алды. Олардың бірі 32 жаста болса, екіншісі 42-де»,-деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, төтенше жағдай № 9 күкірт картасы орналасқан 600 құрылғысында болды.