Теңіз кенішінде 88 жұмысшы коронавирусқа шалдықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 88 жұмысшы қауіпті індетке шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте 116 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Науқастардың дені Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде байқалып отыр.

«Облыс орталығынан 17, Теңіз кенішінде 88 жұмысшы қауіпті вирусқа шалдықты.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында 4, Қызылқоғада – 1, Мақатта – 1, Құрманғазы ауданында 5 адам коронавирус жұқтырды. 28 науқаста Сovid-19 симптомды түрі байқалды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір үй жағдайында емделіп жатқан 292 адам бар. Облыстық инфекциялық стационарда 106, аудандардағы стационарларда 37, Теңіз кенішіндегі стационарда 622 адам ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте коронавирустан 90 адам емделіп шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында 1032 науқас емделіп жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар