Теңіз кенішінде 9 күннен бері коронавирус жұқтырушылар тіркелген жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 9 күннен бері коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 14 желтоқсан күні қауіпті вирусты 6 адам жұқтырған. Оның 4-еуі Атырау қаласында, 1-еуі Құрманғазы ауданында, тағы 1-еуі Исатай ауданында анықталған.

«Қазір үй жағдайында 80 адам, инфекциялық стационарларда 77 науқас (жүктеме –18,3%) емделу үшін жатқызылды. Оның ішінде модульдік ауруханада – 58, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 14, Теңіз кен орнындағы стационарда 5 науқас емделіп жатыр. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 13 науқас оқшауланған. Жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 22,4%», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған 157 адам емделіп жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар