Теңіз кенішінде аялдамада қалдырылған сөмке күдік тудырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде аялдамада қалдырылған сөмке күдік тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 мамырда сағат 8:15 шамасында Теңіз кенішіндегі аялдамалардың бірінде белгісіз сөмке анықталғаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті алгоритмке сәйкес әрекет етті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақты қоршауға алды. Арнаулы мамандар аялдамада күдік тудырған сөмкені тексерді. Сөмкенің ішіне жарылғыш немесе өзге де қауіп төндіретін заттар салынбағаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар