Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру тәулігіне 850 мың баррельге жеткізіледі

АТЫРУ. ҚазАқпарат - Кеңейту және сағалық қысымды басқару жобалары жүзеге асырылғаннан кейін Атырау облысындағы Теңіз кенішінде мұнай өндірісі тәулігіне 850 мың баррельге дейін жеткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру тәулігіне 850 мың баррельге жеткізіледі

«ТШО серіктестері Теңіз кенішінің өндірістік қуатын дамытудың келесі кезеңіне айналатын  болашақтағы даму  жобасы - Сағалық қысымды басқару жобасын (БДЖ-СҚБЖ) қаржыландыру туралы соңғы шешім қабылданғандығын хабарлады. Тиімділікті айтарлықтай арттыру және қаржы үнемдеу мақсатында БДЖ-СҚЖБ нысандарының құрылысы бір уақытта жүргізіледі. Жобаларды жүзеге асырудың  мақсаты - мұнай өндірісуді тәулігіне 260 мың баррельге дейін арттыру», - деп хабарлайды «Теңізшевройл» ЖШС-ның баспасөз қызметі.