Теңіз түбінде екі ай жатқан iPhone иесіне жұмыс күйінде қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санта-Круз жағалауында iPhone смартфонын суға түсіріп алған Каякер оны екі айдан кейін жұмыс істеп тұрған күйінде қайта алды, деп хабарлайды Mashable.

Теңіз түбінде екі ай жатқан iPhone иесіне жұмыс күйінде қайтарылды

Ол жоғалтып алған iPhone-ын іздеу функциясын қосты. Аквалангпен теңіз түбіне сүңгіген басқа спортшы сол арқылы оны тауып, иесіне қайтарды.

Теңіз түбінде екі ай жатса да, смартфонның бұзылып қалмауына оның арнайы су өткізбейтін қабы себеп болған.