Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теңіз жануарлары мен айдаһарлар Астана көгінде ұшып жүр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батпырауықтар фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін керемет тарту болды. Аталған шара қаламызда алғаш рет Ақбұлақ ауданының саябағында өткізіліп жатыр. Бүгін аспанға теңіз жануарлары, айдаһарлар және басқа да фантастикалық кейіпкерлер мен ұшатын конструкциялар ұшырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми порталы.

Теңіз жануарлары мен айдаһарлар Астана көгінде ұшып жүр (ФОТО)

Батпырауықтарды аталмыш спорт түрінен халықаралық чемпиондар басқарады. Астана тұрғындары мен қонақтары таза ауада жыландар биіне қанығып, фестивальға өздері де қатысуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, фестиваль шаралар бағдарламасын түрлендіретін ерекше оқиға болып, «жасыл» экономика ұстанымдарын қолдауға бағытталған. Аспанға ұшырылған батпырауықтар бамбук пен өңделген қағаздан жасалды.