Теңіздегі жарылыстан қайтыс болған және жарақат алғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде болған жарылыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
«Теңіз кенішінде болған төтенше жағдайға байланысты Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов шұғыл мәжіліс өткізді. Оған «Теңізшвройл» ЖШС, ТЖД, полиция департаменті, прокуратура мен өзге де ведосмство өкілдері қатысты. Серік Шәпкенов жарылыс салдарынан қайтыс болғандар мен осы оқиға кезінде жарақат алғандардың отбасыларына көңіл айтты. Олардың барлығының отбасына материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Бұған қоса өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарылыс салдарынан зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды»,-деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.
Жарылыстың себеп салдарын анықтау ісін арнайы комиссия атқарып жатыр. Осыған дейін Теңіздегі жарылысқа фланц қосылысының үзілуі себеп болғаны айтылды.