Теңізден екі ғасыр бұрынғы бомба табылды

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Ресейдің Калининград облысының балықшылары Балтықтан 200 келі тротилі бар бөшке аулап алды.

Теңізден екі ғасыр бұрынғы бомба табылды

Сарапшылардың айтуынша, бұл - XIX ғасырда қолданылған бомба.

Utro.ru-дың хабар­лауын­ша, ауға түскен бөшкенің жарылғыш зат екені бірден белгілі болмаған. РФ Көліктегі ішкі істер министрлі­гінің батыс аймақтық басқар­масының ма­ман­дары оның ішінде­гі қошқыл сары түсті затқа арнайы сарапта­ма жүргізген. Соның нәтижесінде бөшкенің тротилге толы екені анықталды. Ал оның шығарылған уақыты - XIX ғасырдың ортасы, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Мамандар көне жарылғыш затқа тарихи жәдігер деп қараған жоқ, оны залалсыздандыру керек деп шешті.