Теңізден көтерілген құйын тұрғындарды әбігерге салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан курорттық Сан-Ремо қаласының үстінен судан көтерілген құйын соғып, демалушыларды әбігерге салды. Интернет пайдаланушылары оның видеосын Желіде қызу талқылап жатыр, деп жазады БЕЛТА .
Құйын курортқа аздаған зардабын тигізген. Табиғаттың тосын мінезінен дүкендердің сөрелері сынып, көлік құралдары зақымданды. Қатты жел үйлердің шатырларын ұшырып әкетті. Кей жерлерде электр сымдары үзілген.
Оқиғадан үш адам зардап шекті, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.